Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бухгалтерлер, орманшылар, кітапханашылар: 2025 жылы Қазақстанда кімдердің жалақысы өседі

2025 жылы ең төменгі жалақы өзгеріссіз қалды. Дегенмен 600 мыңға жуық қызметкердің айлығы өседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

2025 жылы ең төменгі жалақы мөлшерін өзгертпеу және оны 85 мың теңге деңгейінде қалдыру туралы шешім қабылданды.

Алайда бұл жұмысшылар өткен жылмен бірдей мөлшерде жалақы алады дегенді білдірмейді. Мысалы, 2025 жылы Ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы 17% ұлғайтылатыны белгілі болды.

Сонымен қатар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жалақының жоспарлы өсуі тағы 600 мыңға жуық қызметкерде болады. Олардың жалақысы орта есеппен 20% өседі.



"Жалақыны көтеру бухгалтерлер, экономистер, заңгерлер, мұрағатшылар, кітапханашылар, музейтанушылар, орманшылар, техникалық персонал және басқалар сияқты мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 600 мыңға жуық азаматта болады", – деп хабарлады ведомство.

Еңбек министрлігі азаматтардың жекелеген санаттарына жалақының жоспарлы өсуі Қазақстан президентінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі халыққа жолдауында айтқан тапсырмасы бойынша көтерілетінін атап өтті.

Күтілетін өсімді ескере отырып 2022-2025 жылдар аралығында азаматтық қызметкерлердің жекелеген санаттарының жалақысы екі есе ұлғаяды. 

Талқылау