2025 жылға дейін студенттердің шәкіртақысы екі есеге өседі – Министр
Ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек 2025 жылға дейін студенттердің шәкіртақысы екі есеге өсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"2025 жылға дейін студенттердің шәкіртақысы 2 есеге өседі. Ал магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 1,5 есеге", – деді министр үкімет отырысында.
Саясат Нұрбектің сөзінше, дамыған елдерде жоғары білім алатындар бакалавриаттың 45-50%-на тең, ал магистратурада оқитындар 40%, докторантура 10%-на тең.
2021-2022 оқу жылындағы есепке сәйкес Қазақстанда 623 839 адам жоғарғы білім алып жатыр. Олар еліміздегі 120 университте оқиды.
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін
Блогердің видеосы қоғамда түрлі пікір туғызды
Қызметкерлердің құқығы күшейеді, грант иегерлерінің тізімі шығады: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
Әзірге бұл өзгеріс қарапайым азаматтарға әсер етпейді