Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2020 жылдан бастап отбасы мүшесі ұсынылған жұмыстан бас тартса, бүкіл отбасы атаулы әлеуметтік көмектен қағылады

Келесі жылдан бастап, аз қамтылған отбасының еңбекке қабілетті мүшесі мемлекет ұсынған жұмыстан бас тартқан жағдайда, бүкіл отбасы жәрдемақыдан айырылады.

2020 жылдан бастап отбасы мүшесі ұсынылған жұмыстан бас тартса, бүкіл отбасы атаулы әлеуметтік көмектен қағылады

Бұл туралы мәжіліс аясында журналистердің сұрақтарына жауап берген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«АӘК тарату кезінде, егер отбасында еңбекке қабілетті адамдар болса, біз оларды жұмыспен қамтамасыз етуге тырысамыз, әлеуметтік келісімшарт жасалады, бұл бұрыннан бар тәжірибе. Егер ол атаулы әлеуметтік көмек ала отырып, ұсынылған жұмыстан бас тартса, келесі жылдан бастап бүкіл отбасы АӘК-тен айрылады», - деді Біржан Нұрымбетов.

Министрдің айтуынша, бұл еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің жауапкершілігін арттырады.

«Осылайша, біз еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің, мысалы, отағасының жауапкершілігін арттырамыз. Егер оның денсаулығы оған жұмыс істеуге мүмкіндік берсе, біз оған жұмыс береміз, ал ол бас тартса, бүкіл отбасы АӘК-тен айрылады», - деп атап өтті Біржан Нұрымбетов.

Тағы оқыңыз: 2020 жылы 4 баладан көп отбасына жәрдемақы қалай төленеді

Талқылау