Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"15 жыл шыдадым": Қазақстандық әйел тұрмысқа шыққаннан кейін күйеуі біреудің малын баққызып, күң еткенін айтты

Бір отбасында тұрып, туған баласы мен жарына азап шектіретіндердің саны азаймай тұр. Жыл сайын әлемде 50 мыңнан астам әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтан көз жұмады. Қазақстанда да күйеуінен әбден зәрезап болған ана мен баланың қатары тым көбейіп барады.

Дағдарыс орталықтары бір жылдың ішінде 25 мың келіншекке психологиялық көмек көрсетеді екен. Ал пандемия басталғалы бері еліміздегі тұрмыстық зорлық-зомбылықтың деңгейі 41%-ға бірақ өскен.

Әйгерім есімді келіншектің балалық шағы да, тұрмыстық өмірі де таяқ жеумен өткен десе әсте ешкім сене қоймас. Оның өз-өзіне қарап жүргеніне небәрі 3 жыл болыпты. Өгей шешенің озбырлығына шыдамаған ол, 15 жасында өзінен 14 жас үлкен ер азаматпен бірге тұрамын деп үйінен қашып кеткен. Қорған болады деп сенген ер азаматы қорлап біреудің малын баққызып, күң етіп, көрсетпегені жоқ екен.

“Артқа қайтар жол болмаған соң шыдадым, 15 жыл шыдадым. 15 жылдан кейін қызым 14-ке келді. Бұл мені ғана емес, қызымды қоса ұра бастады. Соңғы ұрған кезде менімен қосып қызымды ұра бастады. Ең бірінші оңай емес. Екіншіден өзіңе сенімді болу керек шығар. Қорықпау керек та”, – дейді Әйгерім.

Өзгенің езгісіне шыдаудың соңы қайғылы жағдайға алып келетіні жасырын емес. Көмпіс келіншектердің өзі отбасылық жанжал кезінде өзін басқара алмауы мүмкін дейді мамандар. Қазір қаладан гөрі, ауыл әйелдері отбасылық кикілжің кезінде қайда бараларын білмейді. Өйткені, ауданда олар жүгінетін дағдарыс орталықтары мүлдем жоқ деп отыр сала мамандары.

Талдықорған аймақтық әйелдерді қолдау орталығының президенті Жанар Нұрмұханова қазіргі уақытта елде 39 дағдарыс орталығы бар екенін, оның 12-сі үкімет тарапынан ашылғанын айтады.

Қалғандары үкіметтік емес ұйымдарының жанынан ашылған. Қала әйелдерінің ақпарат алу мүмкіндігі бар, көмек алу мүмкіндігі де бар, ал ауыл әйелдері ол шетте қалады. Бүгінде 7 мың әйел мен бала осындай дағдарыс орталықтарын паналап жүр. Олар жарты жылдың ішінде өз күндерін өздері көріп, бөлек кетулері керек.

Мамандар, отбасылық зорлық-зомбылықты көріп жүрген келіншектер мен жалпы психологиялық көмекке мұқтаж кез келген адамның 150 бірыңғай байланыс нөміріне хабарласып, көмек сұрауына болады дейді.

Талқылау
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр