13 жастағы жеткіншек туған қарындасын жоғарғы қабаттан лақтырып жіберген
Мәскеуде 13 жастағы жеткіншек нәресте қарындасын терезеден лақтырып жіберген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Тергеу мәліметтері бойынша, 11 шілдеде таңертең Мәскеудің Левобережная көшесінде орналасқан тұрғын үйдің жанында жаңа туған қыздың денесі табылды. Ол жоғарғы қабаттан құлағандықтан көз жұмған", – делінген полиция хабарламасында.
Белгілі болғандай, баланың анасы оның 13 жастағы психологиялық ауруға шалдыққан ағасымен бірге қалдырып, басқа шаруаларымен айналысып кеткен.
Қазіргі таңда тергеушілер оқиға орнында жұмыс істеуде. Қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталып, балалардың ата-анасы мен куәгерлерден жауап алынуда.
Қазақстанның қай өңірлерінде жаңа жұмыс орындары көп ашылады
Алматы қаласында жаңадан құрылған жұмыс орындарына 19 820 адам қабылданған
Қазақстандағы ең табысты банктердің рейтингі жаңарды
2026 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанның банк секторы бұрынғыдай жоғары табыс көрсеткенімен, жалпы динамика баяулай бастады