12 жастағы бала құлап кетіп 1,5 млн доллар тұратын картинаны бүлдіріп тастады (фото)
12 жастағы бала абайсызда құлап кетіп құны 1,5 млн доллар тұратын 17 ғасырдағы танымал картинаны жыртып жіберді.

Кішкентай бала сыныптастарымен бірге Леонардо да Винчи салған суреттерді тамашалау үшін көрмеге барған.


Бала құлап кетіп, картинаны бүлдірген сәтте көптеген адамдар балақай оған кеткен шығынды өтей алмайтын шығар деп ойлаған.

Бірақ, сол жолы сәттілік баланың жағында болыпты.

“Бұл бар болғаны кездейсоқтық, 12 жастағы баланы кінәламаңыздар”, – деді көрме ұйымдастырушыларының бірі.

Арнайы сақтандыру бойынша картина қайтадан қалпына келтірілмек.

Қалпына келтіру үшін мамандар суреттің бүлінген тұсын қайта өңдеп шығады.
Балабақша уақыты жұмыс кестесіне сай келмесе, не істеу керек? Ата-ананың қандай құқығы бар
Ата-ана: Соңғы бір жыл бойы әр артық сағат үшін балабақшаға қосымша ақы төлеумен келемін
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты