11-қабаттан секіріп кеткен: Білім министрлігі Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушысының өліміне қатысты түсінік берді
Білім және ғылым министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитеті Алматыда 11-қабаттан секіріп кеткен оқушыға қатысты оқиғаға түсінік берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қайғылы жағдайда қаза тапқан 7-сынып оқушысының ата-аналары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде оқушының қайтыс болуына байланысты қарама-қайшы ақпарат тарап жатыр. Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері қаза тапқан оқушының ата-анасымен байланыста. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тергеу іс-шараларын жүргізуде. Тергеу мүддесі үшін жағдайдың егжей-тегжейі жария етілмейді", - делінген комитет хабарламасында.
Мәлім етілгендей, тергеу нәтижелері бойынша қажетті шаралар қабылданатын болады. Тергеу амалдарынан кейінгі ресми қорытындыны күту қажет.
"Ата-аналарды, мұғалімдер мен мектеп басшыларын балалармен қарым-қатынаста асқан мейірімділік танытуға шақырамыз. Өйткені балаларымыздың өмірі мен денсаулығы қоғамның басты құндылығы болып табылады", - делінген хабарламада.
Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі оқушы өлімі: Марқұмның сыныптастары сабаққа белдемше киіп келген
Еске сала кетсек, 28 қазанда Алматыда химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы 11 қабаттан секіріп кеткен болатын.
Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі әкімшілігінің мәліметінше, оқушы сабақтан тыс уақытта қаза болды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
Қазақстандық ер адам үйлену тойының орнына екі әпкесіне үй, қарындасына көлік сыйлады (видео)