Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

106 теңге жәрдемақы: Жұмыссыз қазақстандықтар мемлекеттен берілген төлем мөлшеріне шағымдануда

Әлеуметтік желіде жұмысынан айырылған қазақстандықтар мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан қандай төлем алып жатқандығы туралы айтып, шағымдануда. Кейбіреулерге тек бір бөлке нан сатып алуға болатын сома түскен. Осындай тұрғындардың бірі – алматылық Жансая Орумбаева мемлекеттік қордан 106 теңге алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп.

Алматы тұрғыны Жансая Орумбаева

24 жастағы алматылық тұрғын Жансая Орумбаева босанар алдында жұмыстан шыққан. Бір жыл бойы бала тууына байланысты жәрдемақы алып жүрген, содан соң жұмыссыздарға берілетін төлем алуға өтініш береді. Құжаттарды жинаған соң қандай сома түскенін білгенде таңғалдым. Бірінші айда – 500 теңге, екінші айда – 100 теңге. Содан соң қордың көмегі тоқтады.

“Кем дегенде 50-60 мың теңге болуы керек деп ойлаймын. Баланы жалғыз тәрбиелеп отырған аналар да бар. Жарайды, егер күйеуі жұмыс істесе бір бөлек, ал жалғызбасты ана болса ше? Олар өтінім беріп, 500, 100 теңге алатын болса, бұл көңілге қаяу түсіреді”, – дейді Жансая Орумбаева.

Жансая жұмысынан айрылуына байланысты аз төлем алған жалғыз адам емес. Әлеуметтік желілерде адамдар1500 теңге алғандары туралы скриншоттарын бөлісуде. Ал мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры бұл сома соңғы екі жылдағы орташа айлық жалақыға байланысты деп жауап берді. Оны 24-ке бөліп, қалған соманың 40%-ын береді.



“Төлем мөлшерінің ірі не аз көлемде болуы адам жұмыссыз болғанға дейінгі жалақы мөлшеріне, әлеуметтік төлемдерді жасаған кездегі үзілістердің болған-болмағанына байланысты. Егер адам жұмыс істеп жүріп, жұмысынан айрылса немесе штат қысқарса, не өз еркімен кетсе, онда мүмкіндігінше тезірек жұмыссыз ретінде тіркелу керек”, – деді “МӘСҚ” АҚ басқарушы директоры Марат Жаныбеков.

Қорда Жансая Орумбаевадан соңғы 2 жылда бір ғана аударым болғанын, сондықтан сомасы осындай мөлшерде шыққанын хабарлады. Ал егер соңғы 2 жылда адам жұмыс істемесе, онда жәрдемақы да болмайды. Төлем жарты жылға дейін беріледі және көмектің ең жоғары сомасы – 168 000 теңге. Мұндай жәрдемақыны соңғы 2 жылда 420 000 теңге табысы болғандар алады.

Талқылау