Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

10 жастағы қыз ерте қартаю салдарынан көз жұмды

Украинада он жасар қыз ерте қартаю салдарынан көз жұмды. Ира Химичтің өлімі туралы анасы Facebook желісінде жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Ирочка қайтыс болды. Кеше оның жүрегі тоқтап қалды. Күнім, бұл жолы құтқара алмадым, кешір", – деп жазды Дина Химич.

Қыз прогериядан (сирек кездесетін генетикалық емделмейтін ауру) зардап шеккен. Оны Хатчинсон-Гилфорд синдромы деп те атайды.

Ираның анасы қызының фотосуретін үнемі жариялап, оның оқудағы жетістіктері мен қайырымдылық шараларына қатысуы туралы айтып отыратын. 

Прогерия – балаларда сирек кездесетін ерте қартаюдың клиникалық белгілері бар генетикалық ауру.

Ауру терінің және ішкі ағзалардың жылдам өзгеруіне әкеледі. Әдетте нәресте бірнеше ай бойы қалыпты дамиды. Бірақ содан кейін адам сенгісіз өзгерістер басталып, қартаю процесі жеделдейді.

Прогериямен ауыратын балалардың орташа өмір сүру ұзақтығы – 13 жыл. Әдетте ауруға екі-үш жасында диагноз қойылады. Ал Ирина Химичке бес жасында диагноз қойған.

 

 

Талқылау