Үш жыл бұрын жоғалған атыраулық азамат Қапшағайдағы казинодан табылды
Алматылық полицейлер үш жыл бойы іздеуде болған жігітті тапты. Ол Қапшағай қаласындағы казинодан табылды.

Жоғалған жігіт казиноның бірінде аспаз болып жұмыс істеген. Жақындарымен ұрысып қалған соң, үйінен кетіп, сол күйі хабарласпаған. Анасы арыз жазып, үш жылдан бері іздеуде болды.
Жас жігіт 2014 жылдың соңында үйінен кеткен. Өз бетінше өмір сүрмек болып, Алматыға аттанған. Жігіттің табылғаны туралы ақпарат Атырау облысына жіберілді.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде полицейлер 200-ге жуық жоғалған адамды іздеп тапты.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады