Үндістанда бес жасар қызды тұрмысқа берді (видео)
Индуистік фестивальде ата-аналары бес жасар қыздарын он бір жастағы балаға тұрмысқа шығуға мәжбүрледі.

Куәгерлер үйлену тойын видеоға түсіріп, желіге салған. Роликте үндістандық Раджастан штатында кішкентай балалардың неке қию рәсімі көрсетілген. БАҚ хабарлағандай, заңсыз индуистік рәсімде Үндістанда белгіленген некеге отыру жасынан (әйелдер 18 жас, ерлер 21 жас) кіші балалар арасында 12-ге жуық үйлену тойын ұйымдастырған.
Үндістанның ауылдық жерлерінде балаларды үйлендіру қалыпты жағдай саналады. Ата-аналары ерте үйлену неке үшін қолайлы деп есептейді.
Полицейлер фестивальдан кейін балаларын үйленуге мәжбүрлеген отбасыларға қарсы бірнеше қылмыстық іс қозғады. Олардың барлығы құқық қорғау органдарынан бой тасалап жүргені хабарланады.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады