Үндістанда ағалары өлтірмек болған қызды сиыр құтқарып қалды (видео)
Үндістанда бейнебақылау камералары қатыгездікті түсіріп алды. Мұнда ағалары қарындасын елде тараған «намысты таптау» дәстүрі бойынша өлтірмек болған.

Осы дәстүрдің салдарынан Үндістан, Шығыс Түркия, Палестина аумақтарында, Иордания, Пәкістан, Сомалиде жүздеген қыздар ажал құшып жатыр.
Белгілі болғандай, қыз ағаларының келісімінсіз сүйгенімен қашқан. Ер адамдар қызды ұрып жатқанда сиыр келіп, оларды сүзгілей бастаған. Сөйтіп, олар қашуға мәжбүр болды. Оқиға орнына жанұяның өзге мүшелері келді.
Атап өтейік, Үндістанның барлық дерліктей штаттарында сиырларды өлтіруге шектеу қойылған.
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.