Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш адамды аяусыз өлтірген қостанайлық азамат өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Қостанайда үш адамды өлтірген қылмыскерлердің олардың бірі өмір бойына бас бостандығынан айырылса, екіншісі 20 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.

wpid-13415-620x403

39 жастағы Алексей Супрядкин мен 37 жастағы Александр Коновалов үш адамды қатыгездікпен өлтіргендері үшін сот шешімі бойынша кінәлі деп танылды. Олардың құрбандары қылмыс жасалу барысында дәрменсіз күйде болған. Қылмыскерлер жеке шаруашылықта жалдамалы жұмыс жасап, моншаға арналған қайың сыпыртқыларын дайындаумен айналысқан.

Сотталушы Супрядкин мен жұмыс берушінің арасында туындаған жанжалдан кейін жұмысшы кек сақтап қалады.Біраз уақыттан соң Супрядкин Коноваловпен бірге жұмыс күнінен кейін ішімдік ішіп отырып, оларды жалақысыз қалдыруы мүмкін деген болжам жасайды. Солай, жұмыс беруші мен оның екі танысына кек қайтаруын ойластырады. Қылмысты сол түні Супрядкин балтаның көмегімен жүзеге асырады. Оның жанында Коновалов болған және сыбайласына әлі де тірі жатқан адамды нұсқап көрсетеді. Сосын Супрядкин оны өлтіреді. Қылмыскерлер өлі денелерді адам жоқ жерге – грейдердің жырасына лақтырып жібереді. Одан кейін қылмыс орнынан ізін жасырып, Рудный қаласына кетіп қалады.  Рудныйда оларды полицейлер құрықтады. Сот Супрядкинге жазасын ерекше режімдегі түзеу колониясында өтеумен өмір бойына бас бостандығынан айыру үкімін шығарды. Коновалов жазасын қатаң режімдегі түзеу колониясында өтеумен 20 жылға сотталды.

Жіберп алмаңыз:

Астана әкімдігі ең үздік жаңажылдық бейнеқұттықтау жасаған адамға iPhone 7 береді

Алматыда қоқыстан денесі бөлшектеніп табылған ер адамға күдіктінің бірі қарыз болған

Мұсылман қауымдастығының белді көшбасшысын Ресей президентіне тіл тигізгені үшін соттады

Талқылау