Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанда 70 жастағы зейнеткердің аналық безінен 12 келілік ісік алынып тасталды

Зейнеркер жүкті әйел сияқты көрінді. Өйткені үлкендігі 40-35 см болатын ісік іш қуысының барлық бөлігін алып тастаған.

Үндістанның 70 жастағы тұрғыны Лайли Байдың ішінен салмағы 11,8 келі болатын ісік алынды.

Бұл туралы Daily Mail жариялағанын, Stan.kz хабарлайды.

«Егер зейнеткер ота жасауға келіспесе, онда ісік оның денесінде жарылып кетер еді», – дейді хирургтар.

Зейнеткер өзінің ауруы туралы білген. Бірақ, ота жасатуға шамасы келмеген соң, дәрігерлерге бармай жүре берген.

Науқас ауыр сырқатпен ауруханаға түскенде де, отаға қажет қаражат жиналмады. Ал дәрігерлер зейнеткердің өміріне елеулі қатер төніп тұрғанын білгендіктен, оған тез арада ота жасауға мәжбүр болды.

Айта кетейік, қазір науқас өзін жақсы сезінеді. Ол отадан кейін жылдам қалпына келіп, шамшаң қимылдап жүр.

Жіберіп алмаңыз:

Аспаз блендер орнына ауызын, пышақ орнына тісін пайдаланды (видео) 

Дубайда атақты кондитер миллион доллар тұратын қалыңдық кейпінтегі торт жасады 

Ғалымдар жер бетіндегі 280 адам ғана сөйлейтін белгісіз тіл тапты 

Мектеп маңында жүрген аш қабанды оқушылардың ата-аналары видеоға түсіріп алған 

 

Талқылау