Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үйленейін деп жүрген: Қарағанды облысында сержант тура казармада атылып өлді 

Қарағанды облысында 22 жастағы Тимур Нұрманов басына өз басына оқ атып мерт болды. Оқиға казармада орын алған еген. Бүгін марқұмның туыстары Шымкенттен әскери бөлімге жеткен. Олар Тимурдың өзіне қол жұмсағанына сенбей отыр, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.

Үйленейін деп жүрген: Қарағанды облысында сержант тура казармада атылып өлді 

Туыстарының айтуынша, 22 жастағы Тимур Нұрманов үлгілі әрі тәрбиелі болған. Бұған дейін оған қатысты ешқандай қиындық туындамапты. Әрқашан сабырлы қалпын сақтап, күліп жүретін еді, дейді туыстары.

Туыстарының айтуынша, кіші сержант таяуда туған қаласына қайтып оралғаннан кейін үйленбек болған. Тіпті, сол үшін ақша жинап жүрген көрінеді. Ол әскерде борышын өтегеннен кейін келісімшарт бойынша қалып, түрмелердің бірінде күзетші болыпты. Ал қайғылы оқиға таяуда Тимур қызмет еткен түрмеге қарама-қарсы казармада орын алған.

«Кіші сержант Нұрманов Тимур Әбдіманапұлы басына оқ атып көз жұмды. Қызметтік тексеру тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Ол үш жылдан бері келісімшарт бойынша қызмет етіп келеді», – дейді 6505 әскери бөлімінің командирі Аян Есжанов.

Әскеридер оқиғаға қатысты мән-жайды толық айтпай отыр. Оқиғадан кейін бірден Шымкенттен келген марқұмның туыстарының да кей сұрақтарына жауап бере алмапты.

Алдын ала нұсқа бойынша, саптың соңында баспалдақпен түсіп келе жатқан сарбаз Калашников автоматының ұңғысын тура маңдайына  тақап, шүріппені басып қалған. Оқ дәріні енді алуға бара жатқан оның қаруының неге оқтаулы болғаны да жұмбақ.

Бүгін мамандар мәйітіне сараптама жасады. Оның нәтижесі бірнеше күннен кейін белгілі болады. Ал марқұмның туыстары болған жайттан кейін әлі өзіне келе алмай отыр.

«Өзінің маңдайына оқ ату үшін психикалық ауытқуы болуы керек немесе біреу қысым жасауы тиіс. Егер басқа амалы болмаса солай жасайды. Қазір ешкімге сене алмай отырмыз. Біздің Тимур өте мейрімді, ақылды, сабырлы жан еді. Біз онымен оқиғадан бірнеше күн бұрын сөйлестік. Жайдары, көңілді болды. Мұндайды физикалық тұрғыдан қалай жасағаны да түсініксіз», – деді марқұмның атасы Тайыр Нұрманов.

Мәйітке сараптама жасалғаннан кейін, ол туған жері Шымкентке жіберіледі. Туыстары марқұмды сенбі күні жер қойнына тапсырмақ.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау