Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш ұлынан айырылған ана трагедиялық кітап жазып, 28 миллион теңге тапты

66 жастағы Ирен Хикс қатарынан үш ұлынан айырылып қалды. Өмірден ауыр соққы алған әйел ұлдары туралы естелік кітап жазып, екі аптаның ішінде 60 мың фунт (28 миллион теңге) көлемінде табыс тапты. Бар тапқанын әйел қайырымдылыққа жұмсады.

Ирен Хикс 4 құрсақ көтерген. Алайда көпбалалы ана үш бірдей ұлынан айырылып қалды. 2005 жылы оның кенже ұлы Даниэль Маккарти жол апатына ұшырап, қайтыс болды.

Ал 2016-да екінші ұлы, 41 жастағы Денис Маккарти эпилепсиядан көз жұмды. Ирен Дениспен өте жақын болғанын айтады.

Арада небәрі алты ай өткен соң Иеннің үшінші ұлы – Кевин бақилыққа аттанды. Оның кенеттен жүрегі ұстап қалған. Ирен бұл трагедияға дайын емес еді.

Алайда ештеңеге қарамастан ол еңсесін тіктеп, ұлдары туралы естелік кітап жазуға кіріседі. Одан түскен ақшаны қайырымдылыққа жұмсамақ болады. Бір ғажаптың күшімен трагедиялық оқиғаны арқау еткен кітап үлкен сұранысқа ие болып, Ирен екі аптаның ішінде 60 мың фунт (28 миллион теңге) табыс тапқан-ды. Енді қайырымдылық қоры Иренге Британияның адал азаматшасы орденін табыс етпек.

Жіберіп алмаңыз:

Футболшы лотереядан 1 млн еуро ұтып алды

2020 жылғы Олимпиада кезінде адам келбетін танитын құрылғы қолданылады

Тайваньда студент секс-қуыршаққа тапсырыс бергеннен кейін есінен адасты (фото)

Уганда тұрғыны ақшасын үнемдеу үшін бір күнде үш әйелге үйленді (фото)

 

Талқылау