Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тайваньда студент секс-қуыршаққа тапсырыс бергеннен кейін есінен адасты (фото)

Тайваньдық студенттің блогына жазылған желі қолданушылары оның ақыл-есінің дұрыстығына күмән келтірді, деп хабарлайды Stan.kz.

Тайваньдық студент өте ұялшақ бола тұра, Қытайдан секс-қуыршаққа тапсырыс берген. Өзін жалғыздықтан арылтатын «құрбысын» күтіп жүрген жігіттің тапсырысы жеткзілген кезде арманының күл-талқаны шыққан. Қуыршаққа көңілі толмаған студент әлеуметтік желіде ренішін жеткізді.

«Мен ақ тәнді сұлуды ұзақ күттім. Бірақ қуыршақтың орынына мынаны жіберіпті…», – деп жазды студент өзінің блогында.

Жігіт қуыршақты үрлеп, желмен толтырып, оның әдемі қуыршақ болып шығатынынан үміттенген.

«Мен бұл затты жек көріп кеттім», – дейді ол.

Мұнан кейін студент  қуыршақпен бірге түскен біртүрлі суреттерін жариялай бастаған. Ол қуыршақты қылқындырып, тапаншадан атып, қылышпен шауып тастауға тырысқан. Сондай-ақ қуыршақты бокс тұлыбы ретінде қолданыпты.

Бірақ оның блогында аяқасты қызықты жазба пайда болды.

«Ендігі біз біргеміз. Мен оны жақсы көріп қалдым. Мұндайды өзім де күтпедім. Енді біз бәрін бірге жасаймыз. Білесіздер ме, ол – өте керемет», – деп жазды студент.

Оқи отырыңыз:

Мамандар iPhone смартфондарының жұмысын қалай жылдамдатуға болатынын айтты

Аяз салдарынан әйгілі Ниагара сарқырамасы қатып қалды (фото, видео)

Мұсылман ер адам баланың көңілін қалдырмау үшін Санта Клаусқа айналды

Уганда тұрғыны ақшасын үнемдеу үшін бір күнде үш әйелге үйленді (фото)

Талқылау