Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанда ұйымдастырушылар қазақ әнұранын тағы шатыстырып алды

Үндістанда бокстан өткен әлем чемпионатында еліміздің ескі әуені шырқалып, спортшыларымыз кезекті мәрте ыңғайсыз жағдайға қалды, деп хабарлайды КТК.

Елбасымыздың өзі сөзін жазған «Менің Қазақстаным» осылайша кезекті мәрте әлемдік додада орындалмай қалды. Бұл жолы алтынды Арайлым Бекділда олжалаған болатын. Бокстан әлем чемпионы атанған аруымыз Украина, Үндістан, Польша және Ресейдің өзін артта қалдырып, жеңіс тұғырына көтерілген-ді. Десе де, ең жауапты сәтте қайтадан әнұранның ескі нұсқасы беріліп жіберілді.

Әйтсе де, бұл жолы үндістерді кінәлауға негіз жоқ. Себебі, соңғы рет осындай жағдай Сочиде қайталанғанда Спорт және дене шынықтыру комитетіндегілер бар кінәні ұйымдастырушыларға жауып, енді қателік жібермейміз деп ант-су ішкен. Алайда, арада апта өтпей спортшыларды ғана емес, күллі елді тағы ұятқа қалдырды.

Тағы да оқыңыз:

Атамбаев Қырғыз Республикасының батыры атанды

«100 жаңа есімге» кірген азаматтар елбасымен кездеседі

Қазақ-өзбек шегарасында болған атыс жұртты шошытты

Талқылау