Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үкімет ай сайын әкімдіктерден жұмсалмаған ақшаны алып отыратын болды

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев бірқатар өңірлердегі игерілмеген ақшаны басқа аудандарға аударуға рұқсат берді.

Үкімет ай сайын әкімдіктерден жұмсалмаған ақшаны алып отыратын болды

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Тұтастай алғанда, үкімет басшысы үстіміздегі жылдың 9 айында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынына көңілі толды. Бірақ ол бюджеттегі ақшаның игерілуіне алаңдаулы.

«Қазір біз республикалық бюджетті нақтылау үшін парламентке кіреміз. Қаржы министрінің сөзіне қарағанда, сіздерге жұмсалмаған қаражаттардың алынып тасталатыны жайлы ескертілген. Бұл ұсыныстар бюджеттің өзгеруі мен түсіндірілуінде қарастырылады. Яғни, 9 айдың қорытындысы бойынша қай әкімдік қаражатты пайдаланбаса, одан бөлінген ақша алынып отырады. Алынған қаражаттар белсенді дамып жатқан басқа бастамаларға беріледі»,- дейді Бақытжан Сағынтаев.

Ол жылдың аяқталуына дейін үш ай қалғанын және игерілмеген қаражат әр айдың соңында алынып отыратынын атап өтті. Қаражатты қайтарып алу туралы шешім қаржы министрлігіне жүктеледі.

«Қаржы министрі Смайыловқа кімнің қаражаты жұмсалмайтындығына назар аудару тапсырылды. Біз мұны парламентке жеткенге дейін шешеміз және оны қажет жерлерге, игере алатындарға береміз», – деді Сағынтаев.

Жағдайдың жақсарғанына қарамастан, қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша бюджетте игерілмеген 53,6 млрд теңге тұр.

«6,5 миллиард теңге үнемдеу есебінен 47,1 миллиард теңге игерілмеді. Қайта қаралған республикалық бюджет жобасында бюджеттік бағдарламалардың жұмсалған шығындарының бір бөлігі оңтайландырылды», – деді қаржы министрі Әлихан Смайылов.

Жергілікті бюджеттің шығындары 3 триллион 496 миллиард теңгені құрады. Жұмсалмаған 32 миллиард теңге қалды. Ал бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе аз. Аймақтарға 523 млрд теңге көлемінде мақсатты трансферттер аударылды. Жергілікті деңгейде 506 млрд теңге игерілді, немесе 96,6%.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау