Дәрігерлер зымыранның құлауынан зардап шеккен науқастың жағдайын айтып берді

Сейсенбі, 27 Маусым , 2017 7:52

Зымыранның құлауынан зардап шеккен Жезқазған тұрғынына үш рет операция жасалды. Терісін ауыстыруға байланысты пышаққа түскен Вячяслав Тыц, әлі де хәл үстінде жатыр, деп хабарлады КТК.

skonchalas-pensinerka

Өйткені, ауыр отаның кезінде науқастың бүйректері істен шығыпты. Дәрігерлер оны гемодиализ аппаратына қосып, жанын алып қалған.  Сонықтан, қазір оның беті бері қарар емес. Жағдайы жақсарса, ота жасау ары қарай жалғасады. Бірақ, жаны аман қалатынына мамандар кепілдік беріп отырған жоқ.

Естеріңізге салсақ, маусымның 14 күні  Жезқазғаннан 60 шақырым жерге «Союз» зымыран тасығышының бөлшектері құлаған болатын. Қатты желден от 10 гектер жерге жайылып, Роскосмосқа қарасты мекеменің екі жұмысшысы өрт ішінде қалған-ды. Бірі оқиға орынында тіл тартпай кетсе, екіншісі оңбай күйді.

“Бұл науқас өте ауыр күйде түсті. Бірінші кезеңде оған ем шаралары өткізілді. Бірақ та, мамандандырылған ем шаралары болмағандықтан және күйік алған жерде көп уақыт өтіп кетті. Сондықтан қиын болды оның бетін бері қаратуға. Гемодиализге апардық бірнеше сеансқа. Қан құйдық , керек шараларды жасадық”, – дейді Қарағанды облыстық травмотология және ортопедия клиникасы директорының орынбасары Берік Төлеубаев.

Тағы да оқыңыз:

Димашқа концерті кезінде тарай бастаған тыңдармандарын тыныштандыруға тура келді (видео)

Алматы-Қапшағай жолында қызмет етіп тұрған полицей қаза болды

 

Қызылордалық шеберлер «Экспо» көрмесіне орай ашылған этноауылдағы былықты жайып салды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар