Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зорлық үшін 7 жыл: Ақтөбеде анасы ұлын зорлаған студентке қатысты сот үкіміне наразы

Ақтөбе облыстық соты үш жыл бойы жасөспірімге азғындық әрекет жасап келген студентке қатысты үкім шығарды.

Зорлық үшін 7 жыл: Ақтөбеде анасы ұлын зорлаған студентке қатысты сот үкіміне наразы

3 тамызда Ақтөбе облыстық ауданаралық мамандандырылған қылмыстық соты қаладағы колледждердің бірінің студентіне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайд «Актобе Таймс» басылымына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сот студентті ҚР ҚК 121-бабы 3-тармағы (Кәмелет жасқа толмағанмен сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша кінәлі деп таныды. Оған 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

«Сот Ж-ның 2016 жылдың шілде айында Ақтөбе қаласында кәмелетке толмаған 2001 жылғы К-ға күш қолдану арқылы сексуалды сипаттағы зорлық әрекетін жасағанын анықтады», – дейді Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.

Сот үкімі шыққаннан кейін жәбірленушінің анасы сотталушыға кесілген мерзімге келіспейтінін айтты.

«Менің балама айуандық жасалды. Мұндай үшін ату жазасына кесу керек», – дейді анасы.

Жәбірленуші тарап моральдық шығын талап етпеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау