Зират басына қайтыс болған адамның суретін қоюға бола ма?

Сәрсенбі, 1 Маусым , 2016 20:08

Шариғат заңы бойынша, мұсылмандардың қабір басын тазалап, оған жиі барып тұру сауапты іс саналады. Зират басында құрылыс жұмыстарын жасап, мешіт салу, намаз оқу, мәйіт жерленген жерді басу күнә деп есептеледі. Соңғы уақыттарда өлген адамның қабірінің басына суретін қою жиілеп кетті.

-2_preview

Сурет: foto.kazakh.ru

Бұл туралы muftyat.kz хабарлайды.

Өз заманында Алла елшісі (Оған Алланың мейірімі мен шапағаты болсын) үй ішінде жанды нәрсенің суреті бар заттарды сақтауға тыйым салған. Өйткені періштелер мұндай үйлерге кірмейді екен. Сол сияқты зират басында да қайтыс болған адамның суретін қоюға тыйым салынады. Сурет болған жағдайда зиратқа періштелер келіп демалмайтын болады. Керісінше ондай жерді шайтан жайлайды. Қабір басына өлген адамның аты-жөнін, тегін, өмір сүрген жылдарын жазса жеткілікті. Ал, суретін қою күнә болады.

Алла Елшісінің (Оған Алланың мейірімі мен шапағаты болсын): «Зиратқа көбірек барыңдар,  сонда өлімді жиі еске аласыңдар» деген хадисі бар. Әрбір мұсылман зиратқа барар алдында дәрет алып, екі ракат намаз оқуы керек.

Оқи отырыңыз:

Астана тұрғыны зират маңындағы өз көзімен көрген тылсым оқиғаны айтып берді

Бүгінде қымбат мазарларды жарыса салу сәнге айналған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

23
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар