Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зимбабведе қолтырауын кәсіби аңшыны жұтып қойды

Зимбабведе аңшының дене бөліктері табылды. Олар осыдан біраз уақыт бұрын жоғалып кеткен кәсіби аңшы Скотт ван Зилге тиесілі болуы мүмкін. Ер адам өткен аптада жоғалып кеткен екен.

Безымянный

Аңшы Зимбабведен көлігіне отырып бірнеше әріптесімен және иттерімен бірге шыққан. Бір уақытта аңшылар көліктен шығып әртүрлі бағытқа кетіп қалады. Сол уақыттан бері ван Зилді ешкім көрген емес. Иттер лагерге қожайындарынсыз оралған. Ал заттары автокөлік ішінде қалыпты.

Құтқарушылар, сүңгуірлер, із кесушілердің қатысуымен бірнеше операция жүргізілген. Іздеу жұмыстарына да тіпті тікұшақтар да араласыпты. Біраз уақыттан кейін Лимпопо өзені жағалауынан оның рюкзагы табылған. Ақырында полиция сол жерді мекендейтін екі қолтырауынды атуға шешім қабылдайды. Құқық қорғаушылар ер адамды аллигаторлар жұтып қоюы мүмкін деп күдіктенеді.

“Қолтырауындардың ішінен біз адам денесіне ұқсас бөліктерді таптық”, – дейді операцияға қатысқандардың бірі Сакки Лувренс. Қазіргі таңда сот-медициналық сараптамасы тексеру үстінде.

Оқи отырыңыз:

Қосымша жезөкшелікпен айналысқан тележүргізушіні жұмысынан қуды (фото)

АҚШ-та әуе компаниясы қызметкерлері емделушісіне асыққан дәрігерді ұрып, ұшақтан түсіріп тастады (фото,видео)

Әйгерім есімді бойжеткен Франция астанасында қазақ мәдени орталығын ашқан (фото)

Тележүргізуші тікелей эфир барысында күйеуінің көз жұмғанын хабарлаған

Талқылау