Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та әуе компаниясы қызметкерлері емделушісіне асыққан дәрігерді ұрып, ұшақтан түсіріп тастады (фото,видео)

АҚШ-тың United Airlines әуе компаниясының қызметкерлері заңға бағынатын, тәртіпті, емделушісіне асыққан дәрігер-жолаушыны ұшақтан түсіріп тастады.

жолаушы

Ұшар алдында әуе компаниясы қосымша экипаж мүшелері үшін төрт орын керек екенін айтып, жолаушыларға өз еріктерімен ұшақтан түсіп қалуды ұсынады. Бұл үшін олар 800 доллар өтемақы төлейтіндіктерін де айтқан. Еріктілер табылмағаннан кейін компания жолаушыларды өздері анықтап, ұшақтан шығарудың қамына кіріседі. Алайда жолаушылардың бірі өзінің дәрігер екенін және емделушісіне асығып бара жатқанын айтып, ұшақтан түсуден бас тартқан.

Осы кезде компания қауіпсіздік қызметін шақырып, жолаушының киімін бүлдіріп, бетіне жарақат салып күшпен шығарады. Әуе компаниясының басшысы Оскар Муностың шынайы айтылмаған кешірім де отқа май құя түскендей.

“Болған жағдай үшін кешірім сұраймыз. Біздің қызметкерлер мәселені анықтап жатыр. Жағдайды реттеу үшін зардап шеккен жолаушымен де байланыстық”, – деді ол әлеуметтік желідегі жазбасында.

Бұл жағдайды естіген желі қолданушылары, осындай өрескел құқық бұзушылықтың бірнеше рет орын алатынын айтып шағымданып, өре түрегелген.

Оқи отырыңыз:

Тележүргізуші тікелей эфир барысында күйеуінің көз жұмғанын хабарлаған

Түркияға бет алған ұшақ бортында сәби дүниеге келді (фото)

Мәскеуде екі пойыз соқтығысып, 50 адам зардап шекті (видео)

Швецияда терактіге қатысы бар екінші күдікті ұсталды

Талқылау