Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зидан: “Реалға” салынған тыйымға менің ұлымның қатысы бар деу бос сандырақ

“Реалдың” жаңа бас бапкері Зинедин Зидан 2017 жылдың жазына дейін клубқа қойылған трансферлік тыйымға байланысты пікірін білдірген.

1697355-35945587-1600-900

Бұл туралы championat.com хабарлайды.

Ертеректе, ФИФА кәмілет жасына толмаған ойыншылармен келісім-шартқа отыруларына байланысты корольдік клубтың жаңа ойыншылар сатып алуына тыйым салған болатын. Ол жаңа ойыншылардың бірі Зиданның өз ұлы екені де айтылып қалған.

“Менің ұлым “Реалға” ереже бұзу арқылы келді деген ФИФА-ның айыптауларының қатарына кіріп кетіп отыр. Бұл бос сандырақ. Ұлым Мадридте бұрыннан тұрып келе жатыр. Ал клубқа салынған тыйымға мен сабырлы қараймын. Келесі аптада осыған қатысты жаңа ақпараттар шығып қалуы мүмкін”, – дейді Зидан.

Осыған дейін Onda Cero радиосы клубқа салынған санкцияға Зинедин Зиданның ұлының клубпен келісім-шартқа отыруы себеп болуы мүмкін деп жариялаған болатын. Бас бапкердің 17 жасар ұлы “Реалдың” жасөспірімдер командасында 2014 жылдан бастап қақпашы қызметін атқарып жүр.

Сондай-ақ, “Реалмен” қатар “Атлетикоға” да ФИФА трансферлік маусым тыйымын салған еді. Бұл қатаң ереже 2016 жылдың жазынан 2017 жылдың жазына дейін күшінде болмақ.

Талқылау