Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жылдың ең нашар киносы мен ең нашар актері анықталды

АҚШ-та «Алтын таңқурай» антисыйлығының жеңімпаздары анықталды. Айта кетейік, аталған марапат киноматограф саласындағы ең нашар туындыларға беріледі.

6667371-1Сурет deti.mail.ru

Бұл туралы 24.kz сайты хабарлайды.

Биылғы жылдыңең нашар фильмі номинациясын «Сұр түстің 50 реңі» және «Фантастикалық төрттік» киноленталары алды. «Сұр түстің 50 реңі» фильмі марапаттар бойынша бірауыздан көшбасшы тізгініне ие болды. Себебі фильм «Ең нашар фильм» және «Ең нашар сценарий» сыйлықтарын алды.

Ал басты рөлдегі Дакота Джонсон мен Джейми Дорнан да биылғының ең нашар актерлері деп танылды. Ал «Фантастикалық төрттік» боевигі жылдың ең нашар фильмі атанды. Ол «Ең нашар ремейк, сиквел немесе плагиат» номинациясында топ жарды. Сондай-ақ картинаның авторы – Джош Трэнк те жылдың нашар режиссері атанды.

Талқылау