Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жуырда Шымкенттіктердің барлығы жаппай велосипед мінбек

Шымкентте осы жылы автоматтандырылған велостанция жобасы іске қосылады. Енді қала тұрғындарының велосипед тізгіндеу мүмкіндіктері бұрынғыдан еселеп артпақ.

вело1

Сурет otyrar.kz

Бұл туралы Евразия арнасы хабарлайды.

Қалалықтар мен қала қонақтары қос дөңгелекті көлікті жалға ала алады. Бағасы – бір сағатқа 100 теңге. Жаңа серпінді бағытты дамыту үшін қалалық әкімдік пен “Самұрық-Қазына” қоры және Қазақстан велоспорт федерациясы өзара үш жақты меморондумға қол қойды,

Жақында Шымкентте Ерлан Пернебековтың құрметіне арналған велошеру өткізілмек. Оған еліміздің әр аймағынан 100-ден астам спортшы қатысады деп күтілуде.

Талқылау