Журналист төсін ашқан қызға қатысты: Мына қыз Жамбыл облысы басшылары мен ақсақалдарына аманат

Журналист, продюсер Әлия Құдайбергенова төсін жалаңаштаған Шырын Нарчаеваға әрекетін сынады. Облыстағы басшылардан бойжеткенді жөнге салуды сұрады.

“Мен санасыз шығармын, бәлкім түк көрмеген “ауылбай” шығармын?! Бірақ мынаның кешірім сұраймын деп интрига жасап, тағы да бар қазақты табанының астына сап таптағаны арсыздықтың атасы болды! Қолдаған, “несі бар екен, мен тұла бойынан сұлулық көріп тұрмын” деп, өп-өтірік сөзін сөйлегендер мына көрініске рахаттанып отырғаны сөзсіз!

Короче, біздің арамызда Қазақстан деген елді “пайда құралы” ретінде пайдаланып, ал халқын өлердей жек көретіндер бар. Қазақтарды жек көргені соншалықты қазақша сөйлеуге арланады. Салт-дәстүр, ырым-тыйым дегендерді сөз етпей-ақ қояйын. Бірақ ондай адамдар өзін лидер санайды. Егер кішкене мүмкіндік берілсе, “мен қазақтарды көруге көзім жоқ!” дер еді, ол топ. Әттең, тілдері қысық, осы жерден “шөп, су” ішіп-жеп отырған соң. Шетелге барса, аштан өлетінін біледі. Құдай біледі солар қазақ боп туғанына қатты өкінеді”, – деп жазады Құдайбергенова желіде.

Әлия Құдайбергенова бойжеткенді жөнге салу үшін Жамбыл облысын әкімдері мен ауыл ақсақалдарының көмегі керек екенін айтты.

“Міне, мыналар сондай топтың тәрбиесін көріп, қолдауын көргендер.
Көп сөйлей беруден, ауызбен шөп орып, оны “соттағаннан” пайда жоқ, онымызға мына есуаспен қоса анау мен айтқан топ “осы керек, бұл қазақтарға, басқа қолдарынан не келеді?” деп виски соғыстырып, сақ-сақ күліп отыр. Мен мынаны айтқым келеді!

Жамбыл облысы әкімі және облыс, қала, аудандық кеңесіндегі ақсақалдарға “аманат” осы қыз! Тараздың киесі қайда қалды?! Айша бибінің әруағын қорлау емес пе, бұл?  Мына ісі адамдыққа да, заңға да қайшы. Ол үйінде жасасын, бұндай “хайуандық” қылықтарын. Әдейі, қасақана қоғам алдына шығармасын! Қанша жас қыздар көріп отыр, мұны. Ұлтында шаруам жоқ. Мен өз ұлтымның кім көрінгенге қорланғанына, арамыздан “тәйт” дейтін біреудің шықпағанына жаным ауырып, жүрегім жылап отыр! Осынша бейшара ма едік?!”, – дейді ол.

Күні кеше жылап тұрып әрекетін өкінгенін айтқан Шырын Нарчаева желіге тағы бір видео жүктеп, ерсі қылық көрсетті. Ол ешкімнен кешірім сұрамайтынын айтып, ортанғы саусағын шошайтты. Желі қолданушылары, оның ішінде әншілер мен журналистер бойжеткенді жазалау керектігін айтып жатты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр