Елден қуылсын: Танымал тележүргізуші төсін жалаңаштаған Шырынды жазалауды талап етті (видео)

Танымал тележүргізуші Бибігүл Дәулетбек шектен шыққан арсыз қылығымен жұрттың наразылығын тудырған Шырын Нарчаеваға шүйлікті. Оған бұған дейін өзін қорқыта бастағандар көбейгенін айтып жылаған бойжеткеннің күні кеше жариялаған видеосы себеп болған. Өз кезегінде журналист ішкі істер министрі мен бас прокурордан оны жазалауды сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Елден қуылсын: Танымал тележүргізуші төсін жалаңаштаған Шырынды жазалауды талап етті (видео)

Күні кеше Шырын Нарчаева кезекті видеосын жариялады. Онда бойжеткен қазақтың сәукелесі мен ұлттық киімін киіп, төсін жалаңаштаған. Сондай-ақ, ол өз әрекеті үшін кешірім сұрамайтынын жеткізіп, көпшілікті мазақ қылғандай болды.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Бибігүл ДƏУЛЕТБЕКҚЫЗЫ (@bibiguldauletbek)

Өз кезегінде Бибігүл Дәулетбек Қазақстанның ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов пен бас прокурор Қайрат Қожамжаровқа үндеу жасады.

«Сіздерден мына сұмдықты тоқтатуларыңызды сұраймын! Осы қыздың қазағымның сәукелесімен елімізді қорлап, тыржалаңаш шыққанын кеше көріп едік. Енді бүгін мына бейнежазбасымен бүкіл халықты жер етуде. Бұл – қазақтың қызы емес. Әдейі ұлтараздықты тудырып отырған біреу. Шұғыл түрде жаза қолдануларыңызды талап етемін! Ұлттық құндылығымызды қаралағаны үшін қатаң заңмен жазаланып, елден қуылсын!» – деп жазды тележүргізуші Instagram желісіндегі парақшасында.

Бұл орайда белгілі әнші Талғат Жорабаев та үнсіз қалмады.

«Бастарыңа бәле келсе екі қолдарыңмен тілдеріңнен көріңдер дейді Жаратушымыз.  Мына жәндіктің (автордың орфографиясы мен пунктуациясы сол қалпында сақталды – ред.) жақындары қайда қарап отыр? Ел ағалары неге үнсіз отыр?  Олар тыймаса, халық болып біз тыйатын болсақ, оған аз көрінбейді. Халайық, не істейміз мынау лағынет атқырды?! Алла Тағалам айтады: «Шектен шықпаңдар, әйтпесе өлім жіберемін», – дейді. Намысымның тапталғаны ай…», – деп жазды әнші Instagram-да.

Шырын Нарчаеваның бұған дейін Қазақстанның тәуелсіздігін қашан алғанын білмей ұятқа қалғанын жазған едік. Кейіннен бойжеткен сәукелемен жалаңаш түсіп Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.01.19
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар