Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша қайтыс болғандар да тіркеуде тұрған

ҚР Бас прокуратурасы 2016-2018 жылдарға арналған жұмыспен қамту бағдарламасының орындалуына тексеру жүргізіп, қорытындысын жариялады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша қайтыс болғандар да тіркеуде тұрған

«Тексеріс кезінде 10,5 млрд теңгенің тиімсіз пайдаланғаны, шамамен 1 млрд теңгенің ұрланғаны және 553 млн.теңгеге несиенің мақсатысыз пайдаланғаны анықталды. Яғни дайындықтан өткен 81 мың жұмыссыз азаматтың тек 28 %-ы немесе 23 мың адам ғана жұмыспен қамтылды», – деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі Facebook-тегі ресми парақшасында.

Бас прокуратураның мәліметінше, Алматы облысының Балқаш ауданында 45 млн. теңге бюджет қаражаты есебінен 250 адам талап етілмеген мамандықтар бойынша білім алған. Нәтижесінде олардың тек үшеуі ғана жұмыс тапқан.

Сондай-ақ, 1,8 млрд теңгені құрайтын 930 несие негізсіз беріліп, нақты мақсатта пайдаланылмаған. Ал, ол несиелер кәсіпкерлік субъектілерге өндірісті кеңейту және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін бөлінген болатын.

«Мемлекеттен алынған қарыздар басқа қарыздарды өтеуге, жылжымайтын мүлікті және автомобильдерді сатып алуға жұмсалған. Ақмола, Алматы, Шығыс және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелмеген кәсіпкерлер мен салық берешегі бар тұлғаларға 1,3 млрд теңгеге 750 бюджеттік несие берілген»,-делінген ведомствода.

Нәтижесінде 2500-ден астам жаңа жұмыс орындарын құру жоспары толық жүзеге асырылмады. Бұдан басқа, азаматтардың жалған жұмысқа орналастырудың 766 анықталды. Соның ішінде, «қайтыс болғандар, мүгедектер, сондай-ақ басқа ұйымдардың қызметкерлері жұмыс орындарымен қамтамасыз етіліп келген. Түркістан облысында қылмыстық топ дәл осындай жолмен бюджеттен 464 миллион қаржы ұрлаған. Қылмыс жасағандардың құрамында Жұмыспен қамту орталығының басшылары және Еңбекші ауданының жергілікті полиция басшысы  да бар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау