Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұлдызды жұп Мирас пен Құралай қалай танысқандарын айтып берді

Классикалық әндердің майталмандары Мирас пен Құралай бүгінде қазақ сахнасынан өз орындарын тапты. Олардың өнері мен шығармашылығын жанкүйерлері үнемі бақылап отырады. Алайда жұлдызды жұптың қалай табысқанын көпшілік біле бермейді.

maxresdefault (1)

Мирас пен Құралай қалай танысқандарын КТК телеарнасының «Басты рөлде» бағдарламасында айтты.

«Өте керемет кез, студенттік шағымыз… Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияның студентіміз. Құралай екі курс менен төмен оқыды. Бір күні Шпизман деген дирижер Құралайдың даусына ғашық болып, неке қию сарайына жұмысқа шақырады. Көптеген жұпты үйлендіріп, Құралай шаршайды. Содан неке қиюдың басшысы: «Қасыңда дуэт болып ән айтатын жұбың болса, сен де шаршамас едің» деп өз ұсынысын білдіреді», – деп бастады сөзін Мирас Бекжанов.

Бір жағы ерлі-зайыптылар отау көтерген күні жұптардың ән салғаны дұрыс деп тапқан басшылар ақырында дегендеріне жетеді. Құралай консерваториядағы досы Мирасқа ұсыныс жасап, қасына ән айтуға шақырады. «Қуана-қуана келістім. Талай жастың некесін қидық. Олардың әке-шешелері «Біздің балаларымыз сияқты бақытты болыңыздар» деп баталарын беретін. Құдайға шүкір, сол үлкен кісілердің баталары қабыл болған шығар, бақыттымыз», – деп жалғады сөзін Мирас.

«Біз екеуміз 3-4 жылдай бірге жұмыс істедік. Әбден бір-бірімізге үйреніп кеткенбіз», – дейді Құралай. Содан оқуын тәмамдаған Мирас сахналас досына сезімін білдіріп, оның диплом алатын күнін күтетінін, одан кейін Ақтөбеде той өткізетінін айтыпты. Серігінің ұсынысын қабыл алған Құралай той көйлегін қалай таңдағанын еске алды. Айтуынша, Мирас, ата-анасы, барлығы көлікке отырып, Ақтөбедегі ең қымбат той салонына барған.

«69 мың теңгеге көйлек алдық. 2000 жылы ол дегеніңіз үлкен ақша болатын», – дейді Құралай. 2000 жылы шаңырақ көтерген жұп бүгінде төрт баланың ата-анасы (үш қыз, бір ұл) болып отыр. Айтпақшы, өздері өнер иелері болса да, Мирас қыздарының әнші болғанын қаламайды екен.

«Қыздарымды өнерге жақындатқым келмейді. Себебі, өнер жолы – қиын жол. Әнші болса, ертең оған қандай ата-ене тап болады? Қандай жар тап болады? Отбасылық бақытына кедергі келтірмейді ме? Осындай ойлар келеді. Кейбіреулер айтады: «Неге олай айтасың? Құралай да әнші. Сен де жүрсің оның қасында. Бақыттысыңдар» – деп. Бірақ бәріне мендей күйеу қайда?» – дейді Мирас қалжыңдап.

Жіберіп алмаңыз: 

Нұрлан Еспанов қатарынан 2 үй алғанын айтып мақтанды

Қазақстандықтар Баян Есентаеваның батылдығына қайран қалды

Арман Қоңырбаев пен Аша Матайтың эксклюзивті фотосессиясы

«Кап-карашканың» қалың мал төлеуге ақшасы жетпей жүр (видео)

Талқылау