Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұлдыз емеспін: Данэлия Төлешова Жаңа жылды отбасымен қарсы алатынын айтты

Украинада өткен “Голос. Діти” шоуында жеңіске жеткен жерлесіміз Данэлия Төлешова Жаңа жылға жоспарлары жайында және Аяз атадан не сұрағанын айтып берді. 11 жасар жеткіншек қазақстандықтарды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Данэлия 31 арнаға сұхбат берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Данэлия жеңіске жетуінің құпиясымен бөлісті. Айтуынша, табысқа жету үшін көп еңбектену қажет. Себебі еңбектенбесең, бойыңдағы талант күндердің күнінде сөніп қалады, дейді жас дарын.

Аз ғана уақыттың ішінде танымал боп шыға келген Данэлия өзін жұлдыз санамайтынын айтты. Сондықтан да Жаңа жыл мерекесінде өзге әртістер ұқсап өнер көрсетпеймін, дейді ол. Данэлия биылғы оқу жылын тек қана сабаққа арнамақ. Үздік бағаға оқитын ол бір ай сабақтан қалып қалғанына қарамастан, бұл тоқсанды да бестікпен аяқтағанын айтады.

“Аяз атаға хат жазып, одан Чи-Хуахуа итін сұрадым. Көп ұзамай сұраған итім келеді деп ойлаймын. Бірақ Жаңа жылға дейін келмесе де, жыл ішінде келеді деп сенемін.

Жаңа жылды отбасыммен бірге қарсы аламын. Жұлдыздар – ол көп нәрсеге қол жеткізген нағыз жұлдыздар,  ал мен Жаңа жылды өз отбасымен тойлайтын қарапайым баламын”, – деген Данэлия Қазақстан халқын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

“Барша қазақстандықтарды осы ғажайып мерекемен құттықтаймын. Маған көрсеткен қолдауларыңызға рақмет. Сіздерге бар жақсылықты тілеймін, армандарыңыз орындалсын”, – деп ақ тілегін білдірді Данэлия.

Бұдан өзге, жас дарын иесі эфирде өзінің авторлық әнін орындады.

Жіберіп алмаңыз:

Кеудесін көрсетіп суретке түскен Ділназ Ахмадиева желі қолданушыларын ашуландырды (фото, видео)

Ninety one тобы ендігі қазақтың ұлттық аспаптарымен өнер көрсететін болады

Төреғали өзін қорғаштаған Мақпал Жүнісоваға өлең арнады

Ерке Есмахан өзін елбасы Назарбаевтың құттықтағанын айтып мақтанды

Талқылау