Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғали өзін қорғаштаған Мақпал Жүнісоваға өлең арнады

Төреғали Төреәлі өзін қорғаштап сөйлеген Мақпал Жүнісоваға өлең арнады. Ол әйел басымен қолдау көрсетіп, Әлиядай қайсарлық танытқан Халық артисіне деген алғысын осылай жеткізді.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Қазақтың ерке қызы – Мақпал апам!
Алатаудың қарындай әппақ апам.
Кешегі Заманбектей атпал атан,
Батырымның бақытын жаққан апам.
Қанында қайсарлық бар Әлиядай,
Жанында жұмсақтық бар мақтаға тән.
Кей еркектер сияқты өсектемей,
Қыз да болса қорғаштап жатқан апам.
Өйткені өзінің де өткен жолы,
Өнердің жолында көп қақпан-апан.
Ештеңе демесе де, жемесе де
Қасқырдың аузы-басы қап-қара қан.
Елге қызмет етеміз біз бәрібір,
Марапаттамаса да, мақтап Отан.
Талай жақсы елінде құрметтелмей,
Ұясында болды ғой жат балапан,
Айдалада мал бағып жүрген жоқ па,
Айға барып, келсе де Тоқтар атам?!” – дейді Төреғали.

Жіберіп алмаңыз:

Нұртас Адамбай: соттан басқа ешкім Байзақованың ісіне араласпасын

70 жастағы павлодарлық қария халықтан Төреғалиді кешіруді сұрады (видео)

Танымал журналист Төреғалидің тағы бір былығын әшкерелеп, масқаралады (видео)

Алғашқы жеке әнін ұсынған Ақбота Сейітмағамбетті халық қабылдай алмады (видео)

Талқылау