Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жорабаев келіншегі мен ұлын перзентханадан өзіне әпкесі сыйлаған көлікпен шығарып алды (фото,видео)

Бүгін Алматыда әнші Талғат келіншегі Аяулым мен ұлын перзентханадан салтанатты түрде шығарып алды,-деп жазды  Stan.kz  сайтының Жорабаевтар отбасының қуанышына ортақтасуға  барған тілшісі.

тал6

Әнші жігіт екінші ұлына туыстарымен ақылдаса отырып Әбубәкір деген есім беріпті.

тал1

«Бізде Ибрахим, Әбубәкір,Исмаил деген нұсқалар болатын. Нағашы апасы Әбубәкір деген есімді таңдапты. Өзімізге өте ұнап отыр. Үлкенімді Әбумансұр деп атаған едік. Енді Әбубәкір, екеуінің есімдері ұқсас. Қуанышымда шек жоқ»,-дейді Талғат Жорабаев.

тал2

Әнші жігіт өзіне екінші мәрте ұл сыйлаған жарының көптен күткен арманын орындамақшы.

«Аяулымның көптен күткен арманы Алматыдан үй алу. Бүгінге енді құжаттарды дайындап үлгермедім. Негізі алдық деп есептей беруге болады. Ұл сыйлаған жарыма үй сыйлаймын»,-деді Талғат Жорабаев.

тал3

тал4

Бұл көлікті жақында ғана Талғатқа әпкесі Алтынай Жорабаева сыйлаған екен.

талғат

Қазір танымал адамдар арасында перзентханадан сүйіктісі мен баласын салтанатты түрде шығарып алу сәнге айналған сыңайлы. Бірақ, Талғат ондай дайындықты әдейі ұйымдастырмағанын айтады.

Тал5

Перзентхана қызметкері Жорабаевқа екінші ұлын салтанатты түрде табыстап жатыр.

«Ондай аса жұрттың назарын аударып, дүрліккенді ұнатпаймын. Әпкем Алтынай сыйлаған көлікті жасаттым. Сонымен үйімізге аман-сау жетіп алсақ болды. Қасымдағы достарым қолдау көрсету мақсатында жиналды. Оларға рақметімді айтамын»,-деп қысқа қайырды Жорабаев.

Оқи отырыңыз:

Еркемен бір ұшаққа отырған топ бүлдіршіндер «Қайда?» әнін айтып, елді шулатты (видео)

Жаз келісімен шомылу маусымын бастап, шешініп тастаған өнер иелері кімдер? (фото)

“Иванушкидің” экс-солисі Олег Яковлевтің алкогольдан уланғаны белгілі болды

Түркияның ең танымал актері Бурак Озчивит отбасын құрды (фото, видео)

Талқылау