Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЖОО-ға қосымша гранттар туралы ақпарат қашан шығатыны белгілі болды

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қосымша гранттар саны туралы ақпарат бір айдан кейін жарияланатынын айтты. Ол президент тапсырған 20 мың грантты қандай мамандықтарға жұмсайтыны туралы жазылған жобаны таныстырды.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев бес әлеуметтік бастамасын жариялаған кезде, жастарға қамқорлық ретінде қосымша 20 мың грант бөлуді тапсырған болатын.

“Жол картасына сәйкес, министрлік қосымша оқу гранттарына қатысы ұсыныстарын қаулы жобасы түрінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасына, жоғары оқу орындарына жолдады. Қазіргі таңда министрлік олардан тиісті жауап күтіп отыр. Сол жобаға сәйкес 11 мың грант техникалық мамандыққа, 5 мың грант басқа мамандықтарға, 3 мың грант магистратураға және мың грант PhD бағыттарға бөлінеді”, —деді министр.

Сонымен қатар Сағадиев  ҰБТ-ға өте аз уақыт қалғанын, ал халық ведомстводан қандай мамандыққа қанша грант бөлінгені туралы ақпарат күтетінін айтты.

“Біздің ойымызша, осы гранттардың санын жобалық болжам ретінде барлық министрлікпен келісіп, бір айдың ішінде жариялау керек. Халық оны күтіп отыр. Сосын бюджет заңнамасына, нормативтік актілерге тиісті өзгерістер енгізу қажет”, — деді министрлік басшысы.

Тағы оқыңыз:

Almaty Towers-тегі өрт: Айыпталушылар соңғы сөздерін айтты

Жар таңдауда есте ұстауға тиіс 15 кеңес

АҚШ пен Германия азаматтары тарапынан қазақ қыздарының пәктігін сатып алуға сұраныс көптеп түсуде

Алматылық жігіт бір қазаққа жерін тегін беретінін айтты

Шымкентте 21 жастағы орыс жігіті ислам дінін қабылдап, сүндетке отырды

Талқылау