Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жолаушыларды заңсыз тасымалдаған жүргізушілердің көлігі тәркіленеді

Алматыда такси қызметін көрсетіп, жолаушыларды тасымалдап жүрген жүргізушілердің салық тіркеуінен өткен-өтпегені тексеріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Жолаушыларды заңсыз тасымалдаған жүргізушілердің көлігі тәркіленеді

Алматы қаласы Медеу аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметінше, жергілікті полициямен бірге атқарған бір күндік жұмыс барысында жолаушыларды тасымалдап, салық төлемей жүрген 17 адам анықталды. Олардың бәріне салық органдарында тіркелу тәртібі көрсетілген ескертпе таратылды. Сондай-ақ, жеке кәсіпкер ретінде тіркеуге тұруы үшін 10 күн көлемінде уақыт берді.

Керісінше жағдайда, материалдар сотқа жіберіліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. ҚР ӘқбК 463-бабына сәйкес, салық төлемей жолаушыларды тасымалдаумен айналысқан жүргізушілерге 15 АЕК көлемінде айыппұл салынып, көлігі тәркіленуі мүмкін,

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу үшін, азаматтар жеке куәлігін алып, ХҚКО-ға баруы керек. Салық мөлшері түскен кірістің 1 пайызын құрайды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау