Жолаушы Qazaq Air әуекомпаниясының жауапкершіліктен жұрдай екенін айтты

Жұма, 12 Мамыр , 2017 14:34

Qazaq Air әуе компаниясы 8 мамыр күні Астанадан Алматыға ұшуы тиіс рейсті алты мәрте кейінге шегеріп, жолаушыларды әуре-сарсаңға салған. Бұл туралы Stan.kz сайтына Жұлдыз Әбдіхалық есімді жолаушы баяндап берді.

1000-upload-iblock-129-bombardier-dash-8-q400

Телефон арқылы бізге хабарласқан жолаушының айтуынша, ақырында “Эйр Астана” әуе компаниясының ұшағымен Алматыға жеткен.

“Qazaq Air 6 рет рейсті кейінге шегеріп тастап, ақырында “Эйр Астана” арқылы әрең келдік. Негізі кеше (8 мамыр) келуім керек болған. Бүгін әзер дегенде 15:40-та бізді олар “Эйр Астана” ұшағына салып жіберді”, – дейді Жұлдыз.

Оның сөзінше әуе компаниясы жолаушыларға неліктен ұшпай қалғандарының себебін де түсіндірмеген. Әуежайда рейсті күтіп қалғандарға да ешқандай көмек көрсетілмепті.

b8238649-cd41-4e57-8de4-20bd72053883

“Әуе компаниясы бізге қоңырау шалып та мән-жайды түсіндірген жоқ. Тек смс-хабарлама ғана жібере салды”, – дейді реніш білдірген жолаушы.

Qazaq Air қазақстандық әуе компаниясының ұшағы Алматыдан Астанаға 10 мамырда ұшуы керек болатын, бірақ техникалық ақауға байланысты әлі әуежайдан шыққан жоқ, деп хабарлайды әуе компания баспасөз қызметі.

Әуе тасымалдаушысының берген мәліметіне сүйенсек, 2017 жылы 10 мамырда Bombardier Q400 NextGen ұшағы Алматы-Астана бағдарлы IQ351 рейсіне дайындалғанымен, техникалық ақау туындағаны туралы белгі берілген соң ұшу-қону жолағынан қайта оралған. Ұшақтың бортында 74 жолаушы болыпты.

“Ұшақты ұшырмау туралы шешім халықаралық қауіпсіздік процедураларына сәйкес қабылданған. Қазір әуе компания ұшақты толық тексеруден өткізіп, болған оқиғаның себебін анықтап жатыр”, — делінген хабарламада. Жолаушыларға сапарды жалғастырудың басқа жолдары ұсынылған немесе билет құнын толығымен қайтарып алуға болады.

Оқи отырыңыз:

Шымкент шенеуніктері жер сілкінісі кезінде не істеу керектігін көрсетті (видео)

Қызылордада білім мекемелері жанынан ашылған сауналарда жезөкшелер еркін жүр (фото,видео)

45 жастағы қыз: Ең қиыны әрі қорқыныштысы жалғыз қалу екен

Белгілі модель Шымкентке келін болған азапты жылдары жайлы ашық айтты (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар