Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бірнеше облыста жолақы мен нан бағасы өсті

Жаңа жылдан бастап еліміздің кей өңірлерінде жолақы мен нан бағасы өсіп жатыр.

312162_s1

Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Таразда ас атасының құны 5 теңгеге көтерілсе, Атырауда тіпті қымбат. Мұнда нан бірден 15 теңгеге өсіп, қазір 60 теңгеден сатылуда. Ал, облыстың кей аудандарында нөмірі бірінші тағамның құны жаңа жылға дейін-ақ 80-90 теңгеге жеткен болатын.

Наубайшылардың айтуынша, ұнды көршілес Оралдан тасымалдау үшін кететін шығын көлемінің артуы және коммуналдық қызмет құнының өсуі бағаны көтеруге себеп болған. Нан бағасынан өзге мұнда жолақы да 1-ші қаңтардан бастап қымбаттап шыға келді. Қала ішілік автобустардағы жолақы 50-ден 80 теңгеге дейін көтерілді. Және қала сыртына қатынайтын қоғамдық көліктерде жүру құнына да 20 теңге қосылды.

Талқылау