Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жол азабын тартқан оралдықтар билікке арнап аялдамада бейәдеп сөз жазылған тақтайша жапсырып қойды (видео)

Батыс Қазақстан облысындағы аялдамалардың біріне ілінген “Жол қайда с…” деп бейәдеп сөзбен жазылған жазу тұрғындардың езуіне күлкі үйірді.

Бұл туралы “Мой Город” жазады.

Жазуы бар тақтайшаны күнде сол жолмен қатынайтын тұрғындардың бірі түсіріп алған. Олардың сөзінше жолдың асфальті әбден сетінеп, тек шұңқырлар ғана қалған.

“Плодоовощный ауылына бара жатқан Шолохов көшесі бойындағы аялдамада билікке арналған үндеу жазылған тақтайша пайда болды”, – дейді тұрғындар.

Жолдың жөнделуін күте-күте шаршаған тұрғындар өз наразылықтарын осылай білдіргісі келсе керек.

Жіберіп алмаңыз:

“Қалаулым” қатысушылары Ислам: Шынармен азаматтық некеде тұрсам, анам мені ұрып өлтіреді

Төреғалидің жары Толқын өзі, отбасы жайлы бар шындықты ашып айтты

Төреғалиді ұнатып қалған Толқын оған өзі алғаш хат жазып, сезімін білдірген

Сәкен Майғазиев: Өнер мектебін елден қалмайын деген ашкөздікпен ашқан жоқпын

Талқылау