Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жол апаты кесірінен екі аяғынан айырылған Парафиева сол күні не болғанын айтып берді

Бостандық аудандық соты бойжеткенді екі аяғынан айырған аса ауыр жол апатына байланысты сот отырысын бастады.

Бұл туралы Zakon.kz жазады.

Тыңдау қазақ тілінде өтіп жатыр. Зардап шегуші үшін мемлекеттік аудармашы тағайындалған. Бірінші отырыста зардап шегуші Екатерина Парафиева сол күні не болғанын айтып берді.

“16 маусым күні түскі уақытта біз әріптесім екеуміз жұмыстан шығып Әл-Фараби даңғылы бойымен Саин көшесі бағытына қарай келе жаттық. Ауа-райы ашық, көшеде көліктер көп болмады. Біз сол қатарда келе жатқан едік. Президент саябағына жетпей мен жолда жатқан затты көрдім. Сосын тежегішті басып, оны айналып өтуге тырыстым. Жанынан өткен кезде бірнәрсе сарт етіп, машина теңселе бастады, содан соң жылдамдықты азайттым. Ақыры өзімнің соңғы қатарыма тұрып, төтенше сигналды қосып қойдым. Көлікке қатты соққы тигендіктен мен дөңгелекке не болды екен деп, сыртқа шыққанбыз. Біз дөңгелектің толықтай тесіліп қалғанын көрдік. Содан кейін бірден жүксалғышты ашып, төтенше жағдай белгісін артқа қойып қоюға әрекеттендім. Жүксалғышқа жақындай берген кезде маған қарай келе жатқан Тойота Камриді көрдім, бірден соққы тиіп, мен қашып үлгере алмай қалдым”, – дейді Екатерина Парафиева.

Ол көлік жылдамдығының өте қатты болғанын және ештеңе істей алмағанын айтты.

“Біз көліктің қасында тұрған да жоқпыз. Тоқтаған сәттен бастап апатқа дейін бар-жоғы минут ғана өтті”, – дейді ол.

Қыз автобусты байқамаған, тек көлікті ғана көріпті.

Еске салсақ, жол апаты 16 маусым күні Әл-Фараби даңғылының бойында болған. Ол көлігінің жарылған дөңгелегін ауыстырмақ болып сыртқа шыққан кезде, жол апатына ұшырайды. Парафиева екі бірдей көліктің ортасында қыстырылып қалған.

Бұған дейін ол отандастарына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп үндеу жолдаған еді.

Жіберіп алмаңыз:

Энергетика министрі: Мұнайшылардың тәбетін басып, бензинді арзандату керек

Шығыс Қазақстан облысында мұғалім “батыр” образында сабақ беріп жүр

Павлодарда баланы бетонға лақтырып ұрған еркек жеңіл жазамен құтылды

Оралда биіктен құлап, темірге қадалған жігіт бір ғажаптың күшімен аман қалды

Талқылау