Оралда биіктен құлап, темірге қадалған жігіт бір ғажаптың күшімен аман қалды

Дүйсенбі, 23 Қазан , 2017 21:28

Оралда биіктен құлап темірге қадалған жігіттің беті бері қарады. Бірнеше күн хәл үстінде жатып, есін енді жиған Қайрен Баймолдин бүгін журналистерге жағдайдың қалай болғанын айтып берді. Жауынды күні шатырға шығып, жұмыс істемек болған ол аяғының тайып кеткенін және қазықта қанша уақыт шаншылып жатқаны жақсы есінде екен, деп хабарлайды КТК арнасы.

“Пойыстан ұстап тартып тұрдым да бұрап жатқанда аяғым тайып кетті, қолым да шағып кетті. Есімде бар қалай қадалып тұрғаным. Бүйтіп қарадым екі штыр шығып тұр. Аяғымды қозғадым істеп тұрған сияқты. Жігіттерге айттым алды артымнан ұстай тұрыңдар жедел-жәрдем келгенше ауыртып  бара жатыр деп”, – дейді Қайрен Баймолдин.

Темір қоршауға қадалып жатқан Қайренді төтенше жағдай мамандары қоршауды аралап алып, ауруханаға денеге қадалған темірлерімен жеткізген. Оған төрт сағат бойы операция жасаған мамандар тірі қалуы екіталай деген болжам жасаған еді. Қазір жағдайы қалыпты. Ал Баймолдин шатырын жаппақ болған дәмхананың қожайыны әлі күнге ауруханаға аттап баспапты. Құрылысшының қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмаған жұмыс берушінің кінәсі дәлелденсе жауапқа тартылады. Естеріңізге сала кетейік, оқыс жағдай 18 қазанда болған. 48 жастағы құрылысшы дәмхананың шатырын жабамын деп биіктен құлап, темірге шаншылып қалған еді.

Оқи отырыңыз: 

Атырау облысында жанармай бекетінде тұрған автобус өртенді (видео)

Қостанайда 1 жасар бала қонақүй терезесінен құлап көз жұмды

Депортациядан қорыққан ана екі ұлын суға батырып жіберді

Теміртауда күйеуін пышақтап өлтірген әйел абақтыда асылып қалды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар