Жоғалған алматылық оқушы Шымкенттен табылды

Жексенбі, 25 Қыркүйек , 2016 13:45

Алматыда жоғалып кеткен Сұлтан Әлібек Шымкенттен табылды. Бұл туралы іздестіру жұмыстарына қатысқан еріктілердің бірі, қоғамдық қауіпсіздік жөніндегі кеңестің мүшесі Ислам Угушев айтты.

image

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

«Иә, біз Әлібекті таптық, ол аман-есен. Оны Шымкенттің автобекетінен тауып алдық. Ол жерге қалай жеткенін білмейміз. Автобус жүргізушілері оны Шымкентке дейін серік ретінде алуы мүмкін деген болжам ғана жасай аламыз. Бірақ жүргізушілер оның бала екенін түсінуі керек еді ғой. Ата-аналары жақсы адамдар, ішімдік ішпейді. Қаланың шетінде тұратындары болмаса. Маңайлары жазық дала, қамыстар. Ол жамандыққа ұшырап қалды ма деп қорықтық», – деді ол.

Әлібек Сұлтанды іздестіруге 50-ге жуық ерікті атсалысты. Іздестіру жұмыстарына қатыса алмағандар материалдық тұрғыда көмектесті – олар KIWI-әмиянға ақша аударды.

Бұған дейін хабарланғандай, Әлібек Сұлтан 23 қыркүйек күні сағат 08.00 шамасында бір шақырым жерде орналасқан мектебіне бару үшін үйінен шығып кеткен. Ол отбасымен бірге Іле ауданы «Ветеран» тұтынушылық кооператив бағбандық серіктестігі, Абрикосовая, 67 мекен жайында тұрады.


Жіберіп алмаңыз:

Алматы облысында жоғалған үш ағайынды жігіт өлі күйінде табылды

Қазақстанда зиянды биологиялық белсенді қоспалар табылды

Маңғыстау облысынан Едіге қолбасшының мазары табылды (фото)

Теміртауда тұрғын-үйдің алдынан тастанды қыз бала табылды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар