Жихадқа шақырған қазақстандықтар шенеуніктерге шабуыл жасамақ болған
Алматыда терроризмді насихаттағаны үшін ұсталғандар полицейлер мен шенеуніктерге шабуыл жасауды жоспарлаған.
Фото: Sputnik/Артур Габдрахимов
Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.
Алматы полициясы ҚР ҚК 256-бабы бойынша (терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру) Жұмағұлов, Өміров, Әбішевке қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Сот санкциясымен олар 2 айға тергеу изоляторына қамалды.
“Тергеу барысында Жұмағұлов бастаған күдіктілер құқық қорғау мен мемлекеттік құрылым өкілдеріне қарсы күш көрсету акцияларын жоспарлағаны анықталды», — деді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Полицейлердің ақпаратынша, Жұмағұлов кәсіпкерлерден ақша бопсалау үшін қылмыстық топ құрып, Қырғызстаннан қару сатып алуды жоспарлаған. Сондай-ақ ол полицейлерге ұсталған жағдайда, бар кінәні өз мойнына алатын адамдарды да іздеген.
“Ақша бопсалағаннан кейін Жұмағұлов құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсы белсенді іс-әрекетке көшуді жоспарлаған. Ешкімге сыр білдірмеу үшін ұялы телефондар мен SIM-карталар сатып алмақшы болған», — деп нақтылады полициядағылар.
Естеріңізге салып өтсек, қараша айының соңында терроризмді насихаттады деген күдікпен бір топ қазақстандық ұсталған болатын. Көп ұзамай топтың үш лидері – Шығыс Қазақстан, Алматы және Жамбыл облысының тумаларын қамауға алуға санкция берілді. Полицейлер БАҚ-та күдіктілердің қарулы жихадқа шақырған бейнеүндеуін жариялады.
Жіберіп алмаңыз:
Адам өлтіріп, оны шошқаға жем еткен Қазақстан азаматы сотталды
Медициналық мекемелер әлеуметтік желідегі шағымдарға жауап беруге міндеттелді
Жемқорлардың мүлкі көпбалалы отбасыларға таратылуы мүмкін
Павлодар облысының әкімі бойжеткендерге бас киім киіп жүруге кеңес берді

Үлескерлерге қатысты заң өзгереді, Трамптың 25%-дық баж салығы күшіне енеді: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
