Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысының әкімі бойжеткендерге бас киім киіп жүруге кеңес берді

Облыс басшысының пікірінше, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша көбірек шаралар өткізу қажет.

Павлодар облысы басшысы қыс мезгілінде жастардың, әсіресе қыздардың бас киім кимей жүруіне алаңдаулы, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

“Қараша бойы бес градус аяз болғанына қарамастан, жастардың бәрі, әсіресе қыз балалар бас киімсіз жүрді, — деді Болат Бақауов. – Түсіндірмесек болмайды: олар – болашақ аналар, бас киім кимесе, ауырып қалады.

Сәнді бас киім емес, денсаулықтың қымбат екенін ұғындыру керек”, — деді өңір басшысы денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі коллегия барысында.

Оның сөзіне сүйенсек, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша шаралар өткізген жөн.

“Бұл мәселемен айналысам дегенше, наурыз-сәуір болады. Шараларды көбірек өткізу қажет. Кеше қарадым, салауатты өмір салтына бюджеттен 80 миллион теңге бөлініпті, бұл қомақты қаражат”, — дейді Бақауов.

Павлодар облысы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ирина Сорокина хабарлағандай, Павлодар тұрғындары екпеден де бас тартып жатыр.

Әсіресе аңшылар, мал дәрігерлері және басқа да мамандар. Олар жануарлармен үнемі тығыз байланыста болады, сол себепті құтыруға қарсы екпе алғаны жөн.

Оның айтуынша, нәрестелерге де екпе салудан бас тарту жайттары жиі болып тұрады.

Оқи отырыңыз:

Кедейлік пен бақытсыздықты, ауыр дертті жеңген жан: Құралай ханым кім?

Шімән апа эстрада әншілерінің бетпердесін ашып, өтіріктерін жайып салды

«Нысана» театрының директоры: Ешкімге керек болмай қалатынымды білемін

Жеке өміріндегі шудан кейін Баян Мақсатқызы қалай өзгерді? (фото)

 

 

 

Талқылау