Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жиенін қараңғыда үйіне жеткізгені үшін қазақстандыққа протокол толтырылды

Қарағандылық әйелге жергілікті полиция қызметкерлері ескерту берді. Келіншек өзінің 11 жасар баласын туған сіңлісіне кешкі сағат 23:00-ден кейін үйіне алып келіп тастауға рұқсат бергені үшін айыпталып отыр. Мұндай жауапқа тартылмаудың жолы, нағашы әпкесі баланың ата- анасынан оны үйіне жеткізіп тастайтыны туралы қағаз толтырып, нотариустың көмегімен заңдастыруы қажет екен.

6567678980102
« Мен қорыққанымнан жылап жібердім. Енді тіпті жарық кезде жалғыз жүруге қорқып қалдым»,-дейді оқушы Денис

Анфиса Серова Денисті өз қызының туған күнінен кейін үйіне жеткізіп тастамақшы болған. Жолда полиция оларды тоқтатып, баланың ата-анасы кешкі сағат 23:00-ден кейін оқушыны үйінде ұстамағаны үшін жауапқа тартылады деген.

«Олар бүгінше ескерту жасайтындарын айтты. Қайталанар болса, айыппұл салынады екен. Мен олардан мұндай жағдайда заңды бұзбау үшін не істеу керектігін сұрадым. Полициейлер менің әпкемнен баласын үйіне жеткізуім туралы құжат толтырып оны нотариус арқылы заңдастырып алуым керектігін айтты»,-дейді Денистің нағашы әпкесі Анфиса Серова.

Баланың анасы ұлын нағашы әпкесіне сеніп тапсырғанын айтып ақталды.

«Бұл адам түсінбейтін жағдай сияқты. Мысалы күндіз қараусыз, әр үйдің бұрышы мен жертөлесінде жүрген балаларға ешкім қарамайды. Түнде үлкен адамныі қасында жүрген баланың ата-анасына айыппұл деген не сұмдық?,-дейді денистің анасы Нина Серова.

Полиция мекемесіндегілер заң бойынша жасөспірімдерді туған-туыстары ата-анасының сенім хатынсыз ешқайда ертіп алып бара алмайтынын ескертті. Әрі Мұндай тексерістер мен тура осы заңды қолданбаса балалар арасындағы қылмыстың артып баражатқанын айтады. Келесі жолы Денистің анасы осы қателікке тағы да бой алдыратын болса 34 000 теңге көлемінде айыппұл төлейді екен.

Ата-аналар балаларын туыстарына заңды түрде тапсыру үшін сенім хатты кез келген нотариус арқылы заңдастыра алады екен. Нотариус ақысы бұл ретте 25 00 теңге. Ең ұзақ мерзім ретінде үш жыл қарастырылған. Заңгерлер ата-аналарға мұндай талапқа үрки қараудың қажеті жоқ екенін айтады.

«Қазір осындай уақыт. Ата-аналар алыс жаққа жұмысқа кетеді. Балалар қылмысы артпау үшін бұл заңды қолданысқа енгізуіміз керек. Бірақ баланы үйіне алып келіп жатқанда немесе, шығарып салып жүрген сәтте сенім хат талап ету артықтау екенін айтқан жөн»,-дейді заңгер Юрий Гусаков.

Тәртіп сақшылары тура осы заң қабылданған үш жылдың ішінде балалар арасындағы қылмыстың екі есеге азайғанын айтып отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Сүйіктісін 5 жыл бойы күткен қазақ жігітінің әрекеті жұртты сүйсіндірді

Әжесі: Димаш біраз уақытқа дейін туған әке-шешесін білмей жүрді (фото)

Қазақстандық ене төркіншіл келінінен мезі болғанын айтты

Меруерт Түсіпбаева: Екі күн сайын анама жедел жәрдем шақыртып жатырмыз

Талқылау