Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жезөкшелерге көп бардым, Азия аруымен кездесіп жүрдім: Джеки Чан өміріндегі жағымсыз әрекеттерін ашық айтты

Әйгілі актер Джеки Чан Never Grow Up (Ешқашан есейме) мемуарында естелігін жазды. Өміріндегі жағымсыз әрекеттері жайлы ашық баяндады.

Джеки Чан

Актер нашар әке мен жаман күйеу болғанын айтты. Актердің айтуынша, ол алкогольді көп ішкен. Жезөкшелерге жиі барып, балаларына қатал қараған.

Көлікке мас күйінде отырып, бір күнде екі қымбат көлікті қағып тастаған.

«Адам кедейлікте өмір сүрген соң ақша сенімділік береді. Маған жанымда көп адам жүргені ұнайтын. Көп адаммен бірге тамақтанатынмын. Он жыл бұрын бір жылда достарымды тамақтандыру үшін 2 млн доллар жұмсағам. Сағаттар, көлік, былғары күрте мен виноларды қорабымен сыйлайтынмын», – деп жазды Джеки Чан.

Актер тұңғыш қызына қалай қарағаны жайлы айтты. Айтуынша, ол үйіне қайтып келе жатып, қызымен сөйлеспеу үшін қайта қайтып кетіп жүріпті.

Актер бірінші әйелі Жоан Линьді ақша үшін жүр деп ойлап, ақшасын жасырған. Ұрыс кезінде әйелінің қолындағы ұлын жұлып алып басқа бөлмеге лақтырған сәті болған екен. Әйелінің көзіне шөп салып, Азия аруы Элейн Нгмен кездесіп жүрген.

«Мен жаман күйеу, нашар әке болдым. Бірақ ұлым мен оның анасының алдындағы парызымды өтедім», – деп жазды актер.

Джеки Чан ерсі әрекетінің бәрін есеймегендіктен әрі өзіне сенімсіз болғандықтан жасағанын айтып ақталды.

Бұған дейін актердің қызы Этта У Чжолинь өзінің лесби екенін мойындап, жақында құрбы қызымен некелескен еді.

 

Талқылау