Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Джеки Чанның лесби қызы өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелесті

Джеки Чанның қызы өзінен 12 жас үлкен әйелге тұрмысқа шықты.

Екі бойжеткен Торонто қаласында некесін қиды. Джеки Чанның қызы сүйікті қызымен бір жынысты некеге отырды. Бұл туралы Этта У Чжолинь Instagram парақшасында жазды.

19 жастағы бойжеткен 31 жастағы әйелмен бірге түскен суретін жариялады. Ол канадалық модель Энди Отом.  Суретте екі әйел неке қию куәлігін ұстап тұр. Некесін 8 қараша күні қиған.

“Махаббатпен заңды түрдегі той күніміз”, – деп жазды актердің қызы.

Суретте той көйлегін киіп түскен. Этта У Чжолинь өзінің көзқарасы жайлы 2017 жылдың қазан айында айтқан болатын.  Ол желідегі парақшасында өзінің лесби екенін ашық жазды.

“Түсінбегендер болса айтайын, мен лесбимін”, – деп жазды бойжеткен.

Кейін бойжеткен ата-анасының оны қолдамағанын айтып, үйінен қуып шыққанын жазды. Сондықтан сүйіктісімен бірге көпір астында түнеуге мәжбүр болған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау