Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жетіскеннен емес: Лидо оқушы кезінде мейрамханада жұмыс істеген күндерін еске алды

Лидо “еліміздегі ең стильді әнші” атанып кеткелі қашан?! Шоу-бизнес сылқымдары Лидоның биік талғамын әлдеқашан мойындаған. Ал әншінің өзі бұл қасиет анасынан дарығанын айтады. Анасы тігінші болып істеген Лидоның балалық шағы тігін шеберханасында өткен.

Лидо

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

“Мен әрқашан да белсенді әрі пысық қыз болатынмын. Өз ақшамды өзім тауып үйренгенмін. Анамның тігінші болғанын, менің дизайн мен тігуге деген махаббатымның анамнан берілгенін жиі жазып жүрмін. Бала күнімде көп уақытым анамның ательесінде өтетін. Сәнді көйлектерге қызыға қарап, ақырында қалған-құтқан матадан қуыршаққа көйлек тігетінмін. Тіпті, ондай көйлектерді құрбыларыма сата бастадым. Уақыт өте келе өзіме, құрбыларыма киім тігетін болдым. Тапсырыс орындауға анама көмектесетінмін. Алғаш рет 14-15 жасымда керек-жарағыма ақша таптым”, – деп бастады сөзін Лидо.

Лидо дәл осы шақта вокалмен айналыса бастаған.

“Кейінірек ата-анам мейрамханада ән салуыма рұқсат берді. Әрине, мен сияқты кішкентай қыз үшін ол қауіпті еді. Сондықтан әкем мені жұмысқа шығарып салып, күтіп алатын. Мейрамзана иесімен, менімен бірге ән салатын әріптесіммен де танысып алған. Алғашқы жұмыс күнінде шайпұлға 2000 теңге алдым. Бұл күнді мен ешқашан ұмытпаймын. Жақсы өмір сүргеннен жұмыс істемегенім түсінікті шығар, ол кезде қиын уақыт еді”, – дейді Лидо.

Мектеп бітірген соң, Лидо ағылшын тілі пәнінің мұғалімі мамандығына, ақылы бөлімге оқуға түскен.

“Грантқа түсу үшін бірнеше ұпай жетпей қалды. Жақсы оқыдым, себебі ағылшын тілін жақсы көрдім. Бірақ оқу ақысын төлеу қиынға соқты. Сондықтан 2-курсты 60 мың теңге қарызбен аяқтап, Алматыға кеттім. Үйде үлкен жанжал болды, себебі әкем мені үлкен қалаға жібергісі келмеді. Мен үйдің тұңғышымын. Менен кейін інім мен сіңлім бар. Маған ешкім біреуге бірдеңе борыштар екенімді үйреткен жоқ, бірақ мен үнемі бір жауапкершілікті сезетінмін. Ата-анама қандай да бір көмегімді тигізсем дейтінмін. Жаздың соңында тапқан ақшамды, сыйлықтарымды алып Семейге келдім. Сөйтіп, институттан құжаттарымды алып, “мүмкіндіктер қаласына” баруға ниеттендім.

Иә, әрине қиын болды. Үлкен өмірмен бірге үлкен проблемаларға тап болдым. Пәтер жалдап тұрдық. Тоңазытқышта қатқан нан мен майонезден басқа ештеңе қалмаған күндерді бастан кештік”, – деген Лидо артқа қарағанда, ештеңеге өкінбейтінін атап өтті.

Бүгінде Лидо тұрмыстық және материалдық таршылық көріп отырған жоқ. Алайда соған қарамастан, әнші қол қусырып отыра алмайтынын айтады.

“Бірақ менің мінезім оған жол бермейді. Мен іссіз отыра алмаймын, достар! Уақытымды бірнәрсеге арнауым керек. Өзімді керек сезінген жағдайда ғана, шынайы бақытты сезінемін”, – дейді Лидо.

Тағы оқыңыз: 

Роза Рымбаева отбасылық өмірі жайлы: Гаражда қос-қос мәшине, гаухар тасты әшекейлерім болған жоқ

Балаларын сахнаға алып шыққан Роза Әлқожа “Қайрат Нұртасты қайталады” деп сынға қалды

Хюррем сұлтанның рөлін сомдаған актриса адам танымастай өзгеріп кетті

Қарақаттың 1 жасар қызы тұсауын кесетін адамды өзі таңдаған (видео)

Талқылау