Жетімдер үйінде өскен қарапайым бала чемпион атанды

Сейсенбі, 19 Қаңтар , 2016 12:34

Жетімдер үйінде өскен қарапайым бала Ақтөбе облысы бойынша кроссфит пен бокстан халықаралық турнирдің чемпионы. Сергей Юрченко Алгин жетімдер үйінде дайындалып, үлкен рингтерге шығуға бел байлаған.

7bcc30cdfeb473fdc10c09989835ce1b

Сурет: Юрий Тарасенко

Бұл туралы “Экспресс К” хабарлайды.

Ол 1993 жылы дүниеге келіп, әке тәрбиесін көрмей өскен. Әкесі ұлы мен әйелін тастап кеткен. Сергейге батыл болып өсуіне көше тәрбиесінің елеулі орны бар. Анасы оны асырай алмаған соң, 11 жасында жетімдер үйіне өткізген. Дәл осы жағдай оның өмірін күрт өзгертіп жіберді.

fdd22e75eacc1ad775119c3410f40985

«Тағдырыңа бетпе бет келгенде, өзің үшін тек өзің ғана күресуің керек екенін, ешкім сен үшін жақтаспайтынын, қолдамайтынын түсінесің. Адамда батылдық болса, бәрін жеңуге болады. Олсыз бәріне көніп жүруге тура келеді. Мен айналысқан әр спорт түрі мені әр нәрсеге үйретті. Мәселен, бокс менің мінезімнің қалыптасуыма көмегін тигізді», – дейді Сергей Юрченко.

Ол 7 жыл бойы бокспен айналысқан. Нәтижесінде, таяуда ол Ақтөбе облыстық құрамасының қатарында керемет ойын көрсетті.

Сонымен қатар, ол шахмат пен дойбы ойындарының, үстел теннисі мен күрес чемпионы болған. Ара-тұра өлең жазатын да әдеті бар.

Сергей ҰБТ тапсырған соң, политехникалық университетінің грант бөліміне түсіп, мұнай-газ мамандығын алған.

Енді ағылшын тілін үйренуге бет бұрып жүр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар