Жерлеуден кейін берілетін ас мәзіріне шектеу қойылды

Көкшетаудағы орталық мешіт пен қалалық ардагерлер кеңесі және «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігі осындай ортақ келісімге келді.

Фото: “ЕлАна”

Енді жаңа жылдан бастап жерлеуден кейін берілетін асқа табақ-табақ ет тартып, аста-төк дастархан жаюға болмайды. Яғни, ысырыпқа жол жоқ. «Дұға – той емес, марқұмның үйінен ас беру мұсылманның міндеті емес дейді», – ардагерлер кеңесінің өкілдері. Мұндай шешім Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының «Жаназа және жерлеу рәсімдері туралы» пәтуа кітабына негізделіп жасалған, деп хабарлайды Қазақстан арнасы.

“Өлім бірдей болғаннан кейін, біз шешім қабылдадық. Кім болса да, кәрі болсын, жас болсын, бай болсын, жарлы болсын – бірдей болсын. Бәріне турап берсін, шайға тек қазақтың тағамдары болсын. Май, бауырсақ, нан, аздап кәмпит, шай сонымен тоқталсын деп шешімге келдік”, – дейді Шияп Әлиев.

Тағы да оқыңыз:

Айнұр Тұрсынбаева: Адам есейген сайын ақылым көбейіп келе жатыр деп ойлайды

Асанәлі Әшімов: Ұлымды фильм рөліне дайындау үшін қара су мен нан беріп әбден жүдеттім

Қылмыс әлемінде «Баха-Фестиваль» деген лақап атпен танылған Бақыткелді Баясов деген кім?

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
25.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар